«Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 Қаулысы (2026.31.08. берілген өзгерістермен)

Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 Қаулысы

(2026.31.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2026.19.08. № 739 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Шекара белгілерінің нысандары, көлемдері, сипаттамасы, конструкциясы;

2) Шекара белгілерін орнату қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының шекаралық белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 1528 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 8 қарашадағы

№ 1181 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шекара белгілерінің нысандары, көлемдері,

сипаттамасы, конструкциясы

 

ҚР Үкіметінің 2026.19.08. № 739 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2026.19.08. № 739 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы шекара белгілерінің нысандары, көлемдері, сипаттамасы, конструкциясы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Шекара белгілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) жергілікті жердегі немесе Мемлекеттік шекараның екі жағындағы сызығын айқындау үшін көзделген. Олардың географиялық координаталары шегендеу туралы құжаттарда немесе бірлескен - тексеру құжаттарында айқындалған және тіркелген.

2. Шекара белгілері негізгі және аралық болып бөлінеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.